Мен, Қыдырбаева Гүлназ Булатқызы, 1975 жылдың 16 сәуірінде дүниеге келдім. Жалпы педагогикалық еңбек өтілім 26 жылды құрайды. 1992-1997 жылдары Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ағылшын тілі факультетін «Ағылшын тілі және орыс тілі мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтадым. 1997-1998 жылдары А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтында ағылшын тілі мұғалімі ретінде еңбек жолымды бастадым. 1998- 2015 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы болып қызмет атқарып, шетел тілдері кафедрасында дәріс бердім. 2013-2015 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың магистратурасында «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім алып, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алдым. 2016-2024 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы ретінде студенттерді ағылшын тіліне оқытумен қатар, әдістемелік материалдар әзірлеу, оқу жоспарларын дайындау және емтихандар ұйымдастыру бойынша жұмыс істеймін. 2019-2024 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтының докторантурасында білім алып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысудамын. Өзімнің кәсіби деңгейімді жетілдіру мақсатында 2019 жылы Германияның Гейдельберг университетінде тағылымдамадан өттім. Сонымен қатар, 2022 жылдың желтоқсан айынан қаңтар айына дейін Түркияның Анкара қаласындағы Гази университетінде ғылыми тағылымдамадан өттім. Қазіргі уақытта менің 2020-2024ж.ж аралығындағы ғылыми жұмыстарым келесі басылымдарда жарық көрді: ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті бекіткен журналдарда 4 мақала-1. «Жаңартылған бағдарлама аясында бастауыш сынып білім алушылар үш тұғырлы тілде білім беру маңызы» ISSN2073-Международный научный журнал «Наука и жизнь Казахстана» 2020г №11/1(144). 2. Көптілді білім беру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ «Хабаршы» "Педагогика ғылымдары" сериясы, Алматы. Том 72 № 4 (2021). 3. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің көп тілді білім берудегі CLIL технологиясына көзқарастары. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы» РҚБ Хабаршысы № 6 (406) 2023. 4.Этнолингвистические аспекты социальной политики.Адам әлемі. – 2023. – No 1 (95). – С. 96-107, Scopus ақпараттық базасына кіретін журналда 2 мақала, шетелдік ғылыми журналда 1 мақала, 5 халықаралық ғылыми конференция материалдар жинағында және 1 оқу құралы.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
АШТПИ |
Жоғары |
1997 |
0
құжаттар
0